Ақтөбені қасақана газдан тарықтырғандар анықталды
Zakon.kz
Ақтөбелік жүргізушілер сұйытылған газ таба алмай біраз сандалды.
Ақтөбеде ала жаздай көлік жүргізушілерін көгілдір отыннан тарықтырғандар анықталды. Осы аймақтағы 14 газ құю бекеті бағаны екі есе көтеру үшін өзара келісімге келген. Сөйтіп, бар газды тығып қойыпты, деп жазады КТК телеарнасы.
Мұның кесірінен ақтөбелік жүргізушілер сұйытылған газ таба алмай біраз сандалды. Ақыры литрі 26 теңге тұратын көліктің көгілдір отыны бір-ақ күнде екі есеге қымбаттап, 45 теңгеге шарықтаған болатын. Атқамінерлер ол кезде бағаны көтеруге еш себеп болмады дегенді айтады.
Енді бас пайдаларын ойлап, жұртты сабылтқандары үшін 14 бекеттің иесі әкімшілік жауапқа тартылып жатыр. Олар 30 миллиондай теңге айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ тағы екі кәсіпкер күдікке ілігіп отыр. Әйтсе де, көлік газы айналасындағы дауға себепші болғандар анықталғанымен, бағасы сол арзандамады. Керісінше, одан әрі қымбаттап, қазір литрі 50 теңгеден сатылуда.
Сағындық Ерғалиев, Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:
-Бұл нысандар газдың құнын негізсіз көтерген. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер бағаны мұншама шарықтатуға не себеп болғанын айтып бере алмады. Тек бірінен-бірі қалмай газды қымбаттата берген.
Фото: Blamper.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript