Лента новостей
0

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі Қазақстанға қайтарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2017 23:15 Zakon.kz
Жерлеу рәсімін әскери қызметшінің туған қаласы Семейде өткізу жоспарланып отыр.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қатардағы жауынгер Николай Сорокиннің сүйегі Қазақстанға жеткізілді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ол 1944 жылы неміс басқыншыларынан Эстонияны азат етуде қаза болған.

Жерлеу рәсімін әскери қызметшінің туған қаласы Семейде өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сүйектері Астана әкелініп, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери жоралғыларды жасалынып, естелік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Батыр қазақ батырына құрмет көрсету үшін ардагерлер ұйымы, «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебі мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астанадағы оқу орындардың әскери кафедралардың студенттері жиналды.

«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Ерлігі үшін» медалімен бірге Николай Федорович Сорокиннің сүйектері табылды. Медаль нөмірінің арқасында оның өзін анықтауға мүмкіндік болды, содан соң жақындары мен туыстарын іздестірдік. Сарбаздың сүйектерін туған жеріне қайтарғанымызға өте қуаныштымыз», - деді эстондық Front Line Әскери-тарихи бірлестіктің өкілі Андрей Лазурин.

Осындай естелік іс-шаралары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшылығымен Семей қаласындағы гарнизонның офицерлер үйінде өткізіледі.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: