Лента новостей
0

Шымкенттік әйел жұрттан көмек сұрап бастап, соңында тек ақша берулерін талап еткен

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.02.2017 15:27 Фото: zakon.kz
25 жастағы 5 баланың анасы әлеуметтік жағдайына байланысты жергілікті әкімдіктен «Нұрсат» ауданынан баспана алған.
Оралдық еріктілер бес баланы жалғыз өзі асырап отырған Жанерке Темірбаеваның жағдайына жұрттың назарын аударып, оған мүмкіндігінше көмек қолын созуларын сұраған. Ерікті келіншектің өзі жағдайы нашар отбасыға банк арқылы ақша салыпты. Енді таң қалатыны Жанерке өзіне хабарласып күн көрісін айтып, қайта-қайта ақша сұрай береді екен. Бұл туралы stan.kz, ТВК арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы 5 баланың анасы әлеуметтік жағдайына байланысты жергілікті әкімдіктен «Нұрсат» ауданынан баспана алған. Балалар үйінің тәрбиеленушісі туған туысының жоқтығын, танысына несие алып беріп, алданып қалғанын айтады екен. Балаларға берілетін көмек ақыны да осы мәселенің кесірінен ала алмай отырыпты. Табысы жоқ болғандықтан жарық пен судың қарызы артып, өшіріп тастапты.

Жергілікті белсенділер әйелдің жағдайын жұрт назарына ұсынғаннан кейін жомарт жандар оның үйіне азық-түлікті көптеп алып келген. Тіпті тоңазытқыш, кір мәшинесі сияқты тұрмыстық техникалар да сыйлапты.

Балаларын мектепке киінтіріп, кішілеріне тамақ пен жөргек қажетінше жеткізгендер де болыпты. Әйел көмек қолын созған адамдардан тек ақша сұрай бергендіктен жұрт оған сенімсіздік таныта бастаған. Тіпті жергілікті белсенділер де оның сөздеріне сенбей қалыпты.

« Біз оған барынша көмектестік. Балаларына ұнаған киімдерін сатып алып беретін адам таптық. Жұрттың назарына оның бізге айтқан жағдайын түсіндіріп босанғаннан кейін жөргегін, баланың тамағын жеткізіп тұрдық. Азық-түліктің көптігі сонша оны кей үйлерде тоңазытқыш олай толып тұрмайды. Қызық болғанда Жанерке өзіне көмектескендерге хабарласып ақша сұрауды бастады.

Тіпті жағдайын айтып кішкентайларды балалар үйіне өткізіп жіберетінін түсіндіріп қорқыта бастады. Енді ол кісіге өмір бойына көмектесу мүмкін емес қой. Белсенділер әр адамға бір рет аяққа тұрып кетуіне көмектеседі. Олардың несиесін төлеп, барлық тілектерін орындау мүмкін емес. Адамдардан ақша сұрағаны жайлы өзімен сөйлестім. Ол мені алдай бастады. Содан кейін ол келіншекті көмекке зәрулер тізімінен алып тастадық»,-дейді еріктілер тобының мүшесі.

Фото:stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: