Екпеден көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тарта алмай жүр
Zakon.kz
Жарты жыл бұрын амбулаторияның екпе бөлмесінде отағасынан айырылып қалған Надежда Сивак қателік жіберген дәрігерлерді қайткенде де жазаға тартқызуға бел буып отыр.
Жарты жыл өтсе де, кінәлілер жазасыз отыр. Алматы облысында екпеден кейін көз жұмған марқұмның жесірі істің сиырқұйымшақтанып бара жатқанына наразы. Ол шақыртылған арнайы комиссияның сараптамасы дәрігерлердің өлімге қатысы жоқ екенін көрсетсе, жуырда дайын болған тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы оған қарама-қайшы екенін алға тартуда. Сондықтан тек жұмыстан кетіп, жауапкершілікке тартылмаған амбулатория қызметкерлерінің ісін сотқа дейін жеткізбек, деп жазады КТК телеарнасы.
Жарты жыл бұрын амбулаторияның екпе бөлмесінде отағасынан айырылып қалған Надежда Сивак қателік жіберген дәрігерлерді қайткенде де жазаға тартқызуға бел буып отыр. Себебі, ақ халаттылар өздерін кінәсіз етіп көрсету үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барғаны жесірдің шамына тиген. Мәселен, олар Александр Сивактың картасындағы анализ қағаздарын алып, оның орнын ойына келген мәліметтермен толтырған. Тіпті жазбаларда марқұмның жиі арақ ішкені туралы жазу енгізіліпті. Ал бірінші сот-медициналық сараптама амбулаториялық карта негізінде жүзеге асырылғандықтан оның қорытындысына сенбеген отбасы тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгінген.
Надежда Сивак, марқұмның жесірі:
-Сараптама менің жұбайымның ине салғаннан көз жұмғанын, яғни екпенің дұрыс жасалмағанын көрсетті. Істің анық-қанығын білеміз дегенше 6 ай артта қалды.Осынша уақыт өтсе де, ешкім жазаға тартылмады.
Ұзаққа созылған тергеу жұмыстарында кейін жөтелін емдеуге келген Александр Сивакқа дәрігерлер мүлдем тиіспедік деп, өздеріне шаң жуытпаған еді. Яғни марқұм емханаға кірген кезде өзі өлген деген түсінік беріп, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы оны өздері жүргізген сараптама қорытындысымен растады. Бірақ уақыт өте бұрын барлығы жалған екені анықталған.
Надежда Сивак, марқұмның жесірі:
-Мені, отбасымды ақымақ етіп, күйеуіме күйе жақпақ болды. Куәгерлердің түсініктерін жоққа шығарудың амалын жасаған. Енді шынайы сараптама қорытындысы шыққан соң мені мазалап, істі сотқа жеткізбеуге тырысуда.
Қазір Бәйтерек амбулаториясында сол кезде қолда болмады деген дәрі-дәрмектердің бір емес бірнеше түрі алынып, олар ерекше сақталуда. Емдеу мекемесінде бұдан өзге де өзгерістер болыпты.
Тілеужан Нүсіп, Бәйтерек ауылдық амбулаториясының меңгерушісі:
-Біріншіден амбулатория меңгерушісі жұмыстан кетті. Одан кейін укол жасаған медбике жұмыстан кетті. Бірнеше жаңартылулар мен толықтырулар енгізілді жұмыста 6 ай бұрынғымен салыстырғанда. Мен ол жайында сіздерге ештеңе айта алмаймын. Өйткені құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Осы іске қатысы бар қос дәрігер ақыры жұмыстан кетіп тынған. Бірақ жіберген олқылығы үшін емес. Амбулаторияның бұрынғы меңгерушісі зейнетке шықса, ине салған медбике өз еркімен қызметінен босатылған.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript