Лента новостей
0

Алматыда арақ-шарап жасайтын астыртын цех анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.02.2017 15:11 Zakon.kz
Тінту барысында 500 шөлмек дайын арақ-шарап тәркіленді.
Оңай олжаны көздегендер Алғабас елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде қымбат спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған, деп жазады КТК телеарнасы.
Заңсыз кәсіптің көзін тапқандарды Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары анықтапты. Алдымен олар Іле ауданында дайын өнімдер тиелген жүк көлігін ұстаған. Ішінен 60 жәшік коньяк тәркіленді. Кейін бұл заңсыз өнімдердің барлығы Алматыдағы астыртын цехта дайындалғаны анықталған. Ол жерді тінту барысында 500 шөлмек дайын арақ-шарап, жүздеген литр спирт, жалған акциздік маркалар мен арнайы арақ құюға арналған құрылғы тәркіленді.

Кәкімбек Көпжасаров, Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы:

-Цех 1-1,5 жылдай уақыт жұмыс істеген. Арақтарды Қарасай, Талғар, Іле аудандарындағы сауда орындарына өткізген.

Фото: social.politros.com
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: