Семейде қаңғыбас ер адам подъезге кіргізбей қойғандықтан екі көлікті қиратып кетті
Zakon.kz
Сотта ер адам кінәсін мойындап, мас әрі ашулы болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтты.
Семейде тұрғындарға ашуланған қаңғыбас ер адам екі көліктің әйнегін сындырып кетті. Бұл туралы stan.kz, YK-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
36 жастағы үй-күйсіз ер адам подъезге келіп, есікті қаға бастайды. Оған ешкім есік аша қоймайды. Осыған ашуланған ол жақын маңда тұрған екі көліктің терезесі мен айнасын сындырып кетеді. Полицей кейіннен ол бұзақыны құрықтады.
Тергеу барысында оның бұған дейін велосипед ұрлағаны үшін істі болғаны анықталды. Сотта ер адам кінәсін мойындап, мас әрі ашулы болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтты. Сот шешімі бойынша, ер адам мүлкі тәркіленіп, түрмеге жіберіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Михаил Потапов
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript