Лента новостей
0

Санақ жүргізуді сылтау еткен екі жігіт зейнеткерді тонап кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.02.2017 17:18 Zakon.kz
Үй ішінде түрлі әңгімелерді айтып отырғанда, бірі зейнеткердің 1 миллион 600 мың теңгесін қалтасына басқан.
Екі жігіт зейнеткерді тонап кетті. Оқиға Шымкент қаласында болған. Өздерін санақ жүргізуші ретінде таныстырған күдіктілер қарияның сеніміне кіріп, баспанасына кірген, деп жазады "Еуразия" Бірінші арнасы.

Үй ішінде түрлі әңгімелерді айтып отырғанда, бірі зейнеткердің 1 миллион 600 мың теңгесін қалтасына басқан. Сөйтіп, тез арада іздерін жасырып үлгерген. Аяқ астынан бар жиған тергенінен айырылып қалған қария бірден тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Шұғыл іздестіру шарасы кезінде 1989 жылы туған күдіктілер ұсталды. Екеуі де Қостанай облысының тұрғындары екен. Қазір, олар уақытша қамауға алынды.

«Қазіргі таңда, күдіктілер қолға түсті. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі терегу амалдары жүргізілуде» — Әл-Фараби аудандық Ішкі істер басқармасының тергеушісі Арман Тәкешов.

Фото: Neva.Today
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: