БҚО-да заңсыз киік аулауға қатысты 22 дерек тіркелген
Zakon.kz
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жыл басынан бері 4 дерек анықталды.
Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулаудың азаятын түрі жоқ. Айта кету керек, ел аумағындағы ақбөкендердің 70%-ы осы өңірді мекендейді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Соңғы санаққа салсақ, қазір дала еркесінің саны 70 мыңға жуық. Өткен жылы облыс аумағында заңсыз киік аулауға қатысты 22 дерек тіркелген. Алайда осы қылмыстың тек тең жарымы ғана ашылған.
Сондықтан да, қарасы сиреген жануарларды сақтап қалу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қатысуымен жедел тергеу тобы құрылды. Ұдайы ұйымдастырылатын рейдтерге орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы секілді мемлекеттік органдар да атсалысады.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жыл басынан бері 4 дерек анықталды. Оның үшеуі бөкендерді заңсыз аулауға қатысты. Тағы бір күдіктінің көлігінен көп мөлшерде киік мүйізі табылған. Мұздай қаруланып қабан атқандар да Жедел тергеу тобы қызметкерлерінен құтыла алмады. Қазір осы деректер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Өкінішке қарай, оңай олжаға құныққандар қатарында учаскелік инспектор мен киіктерді қорғау міндеті сеніп тапсырылған «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері де бар.
Талғат Майданов, БҚО ІІД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы:
- Қараша айында болуы керек, Бөкейордасы ауданынан «Охотзоопром» қызметкерлерімен 2 адам ұсталды. Соның ішінде полиция қызметкері болды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сол іске қатысты 2 «Охотзоопром» қызметкері анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript