БҚО-да 145 мыңнан астам гектар суармалы жер қалпына келтірілмек
Zakon.kz
Қазіргі таңда облыста 38 су қоймасы, жалпы ұзындығы 1 700 км 91 ірі гидротехникалық құрылымдар мен арналар бар.
Батыс Қазақстан облысында таяудағы бес жылда 145 мыңнан астам гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, соның 25 492 гектары тұрақты суармалы жер болса, 120 299 гектары - су жайылмалары. Қазіргі таңда облыста 38 су қоймасы (11-і республикалық, 27-сі коммуналдық меншікте), жалпы ұзындығы 1 700 км 91 ірі гидротехникалық құрылымдар мен арналар бар.
Солардың көпшілігі жаңғыртуды қажет етеді. Осы бағытта 2016 жылы кешенді жұмыстар қолға алынды. Мысалы, Сырым ауданында 2 мыңнан астам гектар жерді қамтитын Өлеңті суландыру жүйесін қайта құру (108,7 млн. теңге) басталды. Бұл жоба биыл мәреге жетпек. Сондай-ақ Тоғанас ауылында Шолақ аңқаты су қоймасын күрделі жөндеу (103,4 млн. теңге) аяқталады.
Теректі ауданында ұзындығы 42 км Жайық-Шалқар арнасы қайта құрылады. Жәнібек ауданында құны 409,1 млн. теңгені құрайтын, 1,8 мың гектар жерді қамтитын Әбділман және Соркөл су жайылмалары учаскесін қалпына келтірудің құжаттамасы жасалды. «Өңірдегі маңызы зор, басым жобаның бірі - ұзындығы 180 км Киров-Шежін арнасын қайта құру. Бұл осы арна бойында орналасқан төрт ауданның 90 мың га жайылымдық жерлерін суландыруға мүмкіндік береді.
Оның екі кезеңі бітті. Енді жаңа арна қазылып, үшінші кезеңі басталады», - деді әкім.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript