Лента новостей
0

Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.02.2017 16:01 Zakon.kz
Қылмыскерлер денені жасыру үшін Тобыл өзеніне лақтырып тастаған.
Қостанайда 48 жастағы әйелдің өліміне оның бұрынғы күйеуі, күйеубаласы мен досы күдікті деп танылды. Бұл туралы stan.kz, Alau.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратураның екінші басқарма жетекшісі Қайрат Жүсіповтің айтуынша, анасының жоғалғаны туралы арызды қызы жазған.

Адам жоғалу ісі бойынша тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталды. Бір аптадан соң жоғалған әйелді оның күйеуі қылқындырып өлтіргенін мойындады. Мәйітті тексере келе, қылмыстың өзге де қатысушылары анықталды. Олардың әйелді өлтіруіне жеке қатынастары себеп болған.

Бұл оқиға 2017 жылдың 29 қаңтарында болды. Қылмыскерлер денені жасыру үшін Тобыл өзеніне лақтырып тастаған. Әйелдің бұрынғы күйеуі, күйеубаласы мен досы бұл іске қатысын мойындады.

Қазіргі уақытта күдіктілерді қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: