Ақтөбеде жылқышылар атысып, үш адам қаза болды
Zakon.kz
Қаза болғандардың бірі ауыл тұрғыны болса, екеуі Ақтөбе қаласынан екен.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық округінде жекенің малын бағатын жылқышылар өзара атысып, үш адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбедегі Байғанин ауданына қарасты Жарқамыс және Қызылбұлақ ауылдық округінде екі адамның малын бағатын жылқышылар өзара атысқан. Лақтыбай және Түгіскен ауылының жылқышылары бұған дейін байланыс жасап, бір-біріне қатынап тұрған.
«Жылқы бағатындардың бірі Жаңатаң ауылынан. Бүгін марқұмның садақасы болып жатыр. Өзге екеуі басқа ауылдардан. Олардың арасында не болғанын ешкім білмейді. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізді. Бір адамды ұстады деп естідік. Ал жылқысын бақтырып отырған ауыл адамы қазір бақташы іздеп жүр»,- дейді ауыл тұрғыны Гүлшат Асанқызы.
Атыс кезінде үш жылқышының қаза тапқаны туралы ақпаратты Қызылбұлақ ауылдық округіндегі учаскелік полиция қызметкері растады. Қаза болғандардың бірі ауыл тұрғыны болса, екеуі Ақтөбе қаласынан екен.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript