300 мың теңге пара алған мектеп директоры кінәсін толық мойындады
Zakon.kz
Айыпталушы көзіне жас алып, соттан кешірім сұрады.
Ақтөбе қаласындағы №24 мектеп гимназиясының директоры Айдархан Әзімбаев 300 мың теңге пара алып, есепші Майра Еділбаева парақорлыққа делдал болды. Бүгін сотта соңғы сөздерін айтқан айыпталушылар кінәні толық мойындап, кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласындағы №24 мектеп гимназиясының директоры Айдархан Әзімбаев Қылмыстық кодекстің «Пара алу», есепші Майра Еділбаева «Парақорлыққа делдал болу» бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Айыпталушылардың қорғаушылары сот отырысы кезінде №2, 24 мектеп ұжымы мен ата-аналардың, оқушылардың Әзімбаев пен Еділбаева туралы қолдау хаттарын жеткізді.
Дегенмен, мемлекеттік айыптаушы А.Әзімбаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді, өмір бойы басқарушылық қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Ал есепші М.Еділбаеваны өмір бойы білім саласындағы есепшілік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, 1 жыл қоныс колониясына жабуды сұрады.
Айыпталушылар сот залында барлық кінәларын мойындап, кешірім сұрады. Айдархан Әзімбаев кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы мен зейнеттегі ата-анасы барын айтып, соттан ауыр жаза тағайындамауды өтінді.
«Сыбайлас жемқорлықтың ауыр қылмыс екенін біле тұра қателік жасадым. Жасаған ісіме өкінемін. Тергеп, тексеру барысында бар кінәні мойындадым. Өмір болған соң, қателік болады. Отбасылық жағдайымды ескере отырып, бас бостандығымнан айырмауды сұраймын. Мені қолдаған, сенім артқан әріптестерімнен кешірім өтінемін. Мен 2003 жылдан бастап отбасымды емес, жұмысымды бірінші орынға қойып, өзімді жұмысқа арнаған едім. Бірақ аяғымды шалыс бастып»,- деді соңғы сөзінде А.Әзімбаев.
Айыпталушы М.Еділбаева да көзіне жас алып, соттан кешірім сұрады.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript