Лента новостей
0

Қазақстан Республикасының Омбудсмені еліміздің Премьер-министріне үндеу салды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.02.2017 21:44 Zakon.kz
Автор балаларды зиянды ақпарат әсерінен қорғау бойынша шаралардың заңнамалық бекітуі реттелген жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігіне назар аударады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың атына балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша үндеу салып, өзінің ұсыныстарымен таныстырды.Үндеуде кең қоғамдық пікірталастар туғызатын және Үкімет тарапынан шешуді талап ететін екі түрлі мәселе қозғалған. Бұл туралы zakon.kz Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселелердің бірі балалардың жағымсыз ақпараттық ортаның әсерінен қорғауға байланысты. Атап айтқанда, Омбудсмен Интернет желісіндегі кең таралған ойындар үшін кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы БАҚ-дағы жиі хабарламалар жөнінде қоғамның алаңдаушылығымен ортақтасты. Сонымен қатар ол мәселе әлдеқайда кең екендігін және оның шешімі терең талдау мен жүйелі тәсіл талап ететінін атап өті.

Әрине бұл бағытта Үкімет тарапынан қабылдаған шаралар уақытылы және тиімді, алайда олардың постфактумді сипаты мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, интернет–қатынастары саласындағы заңнаманың жетілдіруі туралы ұсыныс берілді. Интернеттің өскелең ұрпақтардың күнделікті өміріне қарқынды өсіп келе жатқан ықпалы мен рөлі осы саладағы заңнамалық бос орындарды уақытылы толықтыруды талап етеді.

Автор балаларды зиянды ақпарат әсерінен қорғау бойынша шаралардың заңнамалық бекітуі реттелген жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігіне назар аударады. Мәселен, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының 17-бабы, мемлекеттерді балаларды зиянды ақпараттар мен материалдардан қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуге көтермелейді. Сонымен қатар, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Комитеті өзінің 2007 жылғы Қорытынды ескертулерінде Қазақстанға «балалардың психикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына теріс әсер ететін материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға және таратуға мүмкіндік бермейтін нормативтік актілерді қабылдануын жеделдетуді» ұсыныс етті.

Үндеуде Қазақстан мен шет елдердің құқықтық базасын зерттеуде негізделген бірқатар нақты ұсыныстар бар. Осылайша, провайдерлердің және құқық иеленушілердің мысалы «18+» контентті пайдаланушыларды міндетті тіркеу жүйесінің болмауы үшін жауапкершілік тарту және интернет–контентті жас ерекшеліктері бойынша жіктеу енгізу мүмкіндігін қарау ұсынылды. Сондай-ақ, балаларды бірден желіге қосу кезінде қажетсіз ақпараттық контенттен қоршауға мүмкіндік беретін «балаларға арналған интернет» қызметтің ұялы интернет-байланыс операторларға Ұлыбритания және Ресей елдердегі тәжірибені зерделеп енгізу ұсынылды.
Ата-ананың жеке жауапкершілігі мәселесі де қозғалды. Интернет-тәуелділік жиі жағдайларда кәмелетке толмағандардың өз жақындарына қатысты агрессивті және ақылға қонымсыз мінез-құлқына әкелуі ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы нәтижесі екендігін ескере отырып Интернет желісінде жұмыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың міндетін нақтылау ұсынылды.

Сонымен қатар, Омбудсмен процестің барлық тараптар мүдделерінің оңтайлы теңгерімін сақтауға (балалар, ата-аналар мен провайдерлер және мемлекет) және осындай заң жобасын әзірлеуге және талқылауға сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін белсенді түрде тартуға шақырады.

Елімізде жекелеген заңнамалық жобаларды іске асыру туралы алдыңғы тәжірибемізді ескере отырып құқық қолдану практикасының айрықша маңыздылығы туралы мәлімделген. Енгізуге ұсынылатын шаралар қабылданған жағдайда, институционалдық базаны қалыптастыруға, тиісті регламенттерді орнатуға, әкімшілік және техникалық мәселелерді қарастыруға, интернет-қызметін жабдықтаушылармен және барлық өзге де мүдделі тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған өтпелі кезеңін бекіте отырып, оларды кезең-кезеңмен өткізу тиіс.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты және ең үздік тәжірибелермен алмасуды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Үндеудің екінші тақырыбы интернат үлгідегі балаларға арналған мекемелерді балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарымен (асырап алу, патронат, қамқорлыққа алу) алмастыру арқылы институтсыздандыруға қатысты. Омбудсмен аталмыш үрдісті толықтай қолдап, қойылған мақсаттарды асығыс іске асыруға қатысты алағдатушылығын білдірді.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті мне жергілік атқарушы органдардың ұсынған мәліметтерге сәйкес, балаларды орналастырудың баламалы нысандарының ішіндегі патронаттық тәрбиелеу мен қамқорлыққа алу түрлері дәстүрлі асырап алудан гөрі көбірек қолданылады. Осылайша, 2015-2016 жылдары қамқорлық пен патронатқа 1841 бала берілді (12 %), 626 бала асырап алынды (4%).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, патронатты тәрбиелеушілерге еңбекақы төленетінін, сондай-ақ баланы асырау үшін жәрдемақы берілетінін нақтылап атап өту қажет.

Отбасыға орналастыруның басқа нысандарын қолдану көрсеткіштерінің өсімі балаларды асырап алуға ынталандырудың төмендеуі туралы куәландырады, бұл балаларды отбасыға орналастыру нысандарының жалпы таныған басымды нысаны болып табылады. Сондай-ақ, жаңа әдістер әлі толығымен жетілмегені және апробацияланбағаны алаңдатушылық тудыруда. Хатта шетелдік елдердің тәжірибесін талдау мәліметі ұсынылған. Испаниядағы, Италиядағы және бірқатар скандинавиялық елдердегі бала асыраушы отбасылар институтының үлгісі келтірілген еді. Ол кейіннен әлеуметтік қызметтердің қолдау көрсетуі арқылы міндетті тәртіпте ата-аналарға арналған мамандандырылған курстар мен білікті мамандардың көмек көрсету бағдарламаларын көздейді. Бұл талаптар БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы қағидаттарының бірін – «бала үшін ата-ана, ата-ана үшін бала емес» - орындау үшін негізін қалаушы болып табылады.

Қазақстанда осындай тәжірибенің, патронаттық тәрбиелеушілер мен қамқорлыққа алушылардың уәждемелеріне нақты бағалануының жоқтығы, балалардың жас ерекшеліктерін білмеу балалардың балалар үйлеріне қайта оралуына әкеледі. Статистикаға сай, Қазақстанда 2016 жылы қамқорлық пен патронатқа берілген 734 баланың 188-сі қайтарылды (26%). Әрбір төртінші бала дерлік қайталама жетімдікке тап болады.

Сондай-ақ қандас отбасыларына, әдетте нашар қамтылған және бұдан бұрын ата-ана құқығынан айрылған тұлғаларға қайтарылған балалар санының өсімі де алаңдатушылық тудыруда. (2016 жылы олардың саны 2093 болды). Балалардың осындай отбасыларға оралуы ауыр тәуекелдерге әкеледі. Бар болған ақпарат бойынша шамамен 12 мың нашар қамтылған отбасы Ішкі істер органдарының есебінде тұр, оларда 17 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, олардың әрқайсысы балалар үйлері тәрбиеленушілердің қатарын қайта толықтыруға тәуекелге ие. Елде ажырасудың жоғары деңгейі байқалуда, олардың жыл сайынғы өсімі некелермен ара қатынасы 36 % құрайды.

Омбудсменнің пікірінше, балаларға арналған интернаттық мекемелерді институтсыздандыруды қажетті әдістемелік базаны құрмай және шынайы жағдайды ескермей тездету қайтымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ балалар үйлерін жаппай жабу проблемасына (2015-2016 жж. 48 мекеме) және балалардың көп жағдайда айтарлықтай алыс қашықтықта орналасқан басқа мекемелерге жіберуге назар аударылған еді. Осындай шешімдер балалардың мүдделерін, сондай-ақ осы мекемелердің қызмет етуінің көпжылдық тәжірибесін, олардағы қажетті инфрақұрылымның және тәжірибелі кәсіби мамандардың бар болуын назарға ала отырып, тек қана негізді болуы керек.

Аталмыш мәселе бойынша ұсынымдар бала асыраушы отбасыларды даярлаудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, өзгерістерді біртіндеп енгізу мен үдерісті уақытылы ведомствоаралық бақылауда ұстау жөнінде ұсыныстарды қамтиды.

Фото: Otyrar.kz



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: