Лента новостей
0

Ақтөбеде 23 жастағы мұғалім оқушы қызға жыныстық мүшесін ұстатты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.02.2017 16:57 Zakon.kz
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалімге қатысты шу шықты. Шағымданған ата - ана 23 жастағы мұғалім 3- ші сыныпта оқитын қызына жыныс мүшесін көрсетіп, қолымен ұстатқан деп отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал оқуын қызыл дипломмен аяқтап, биыл ғана денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған азамат бұлай істеді дегенге ұжым сене алар емеспіз дейді.
Соңғы екі-үш күннен бері Ақтөбедегі бұл мектептің ұжымы да, оқушылар мен ата-аналар да мектеп қабырғасында "осындай болыпты" деген оқиғадан кейін естерін жия алар емес. Оқушы қыздың ата-анасының түсірген шағымына қарағанда, мұғалім үшінші сыныпта оқитын өзінің оқушысын мектептегі таса жерге апарып, жыныс мүшесін ұстатқан. Шағымнан соң, өзге ата-аналар да балаларды мектепке жіберуге қорқатын болдық дейді.
ЛЮДМИЛА ВИКТОРОВА, Тұрғын:

- Я была в шоке. До последнего думала что это не правда. Мен алғаш естігенде қатты қорқып кеттім. Шын емес болар деп ойладым. Әрине енді қорқамыз. Балаларымызды мектепке жіберуге қорқатын болдық. 8-ші сыныпта сіңілім оқиды. Ойлаудың өзі қорқынышты.
Мұғалімнен зәбір көруі мүмкін деген оқушының ата-анасы әзірге ел алдына шығуды қаламапты. Ал мектеп директоры жас мұғалім "олай істемеді" деп кесіп айта алмайды. Айтуынша, қазір кішкентай қызға тиісті деген мұғалім тергеуге байланысты жұмыстан шеттетілген. Дегенмен, басшылық жас мұғалімнен жаман қылық байқамаған едік деп отыр.
ЛАТЫП ӘЛІБИ, Ақтөбе қаласы №16 орта мектебінің директоры:

- Ес -ақылы дұрыс, колледж бітірген бала. Арақ ішпейді, темекі тартпайды. Оның артынан ондай жағдайды ешқашан көрген емеспіз. Қазір мен сізге нақты ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз қазір следствиесі жүріп жатыр. Бізге олар анық ештеңе айтқан жоқ.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты шағым полиция бөліміне түскен. Қазір мұғалімнің әрекеттеріне қатысты істі полицейлер жан-жақты тексеріп, айналысып жатыр дейді.
Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин

Фото: site.ua

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: