Павлодар-Ақсу бағытындағы тас жолда тағы бір жүк көлігінің жол апаты тіркелді
Zakon.kz
610-бабы бойынша іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Павлодар-Ақсу бағытындағы тас жолда жүк көлігі мен үш бірдей жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Сәуле Мусинованың айтуынша, жол апатынан зардап шеккендер жоқ.
- Алдын ала болжам бойынша жүк көлігі ережені бұзған. Егер бұл болжам дәлелденсе, жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады, - дейді Сәуле Мусинова.
Думан Асқарбек
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript