Лента новостей
0

Павлодар облысында жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.02.2017 20:19 Zakon.kz
Аса ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 100 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.
Павлодар облысында 2016 жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың айтуынша, үкімет тарапынан әкімшілік істер бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш, қылмыстық істер бойынша 40 АЕК, орташа деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 50 АЕК, ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 70 АЕК, аса ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 100 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.

- Кейбір адамдар жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жарияламауды сұрайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамның өтініші бойынша есімін жасырын сақтауға кепілдік беріледі. Әлбетте, бұл хабарламалар тексеріледі. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сол адамға тиісті сыйқасы ұсынылады, - дейді Денис Шакенов.

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзған кез келген мемлекеттік органның маманына қатысты деректерді 8 (7182) 37-85-86, 37-85-41 және 1424 байланыс нөмірлері бойынша CALL-орталыққа хабарлауға болады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: