ОҚО-да бұзақылар полиция қызметкерін соққыға жығып, көлігін айдап кетті
Zakon.kz
Тергеу дерегіне сәйкес, түнгі 22-00-дер шамасында учаскелік полиция инспекторы жолда автокөлікті дұрыс басқара алмай келе жатпаған жүргізушіні тоқтатқан.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түйетас ауылында екі ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жаса мен қарсылық көрсеткені үшін ұсталды, деп хабарлады stan.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Тергеу дерегіне сәйкес, түнгі 22-00-дер шамасында учаскелік полиция инспекторы жолда автокөлікті дұрыс басқара алмай келе жатпаған жүргізушіні тоқтатқан. Одан құжаттарын көрсетуді талап еткен полицейге, мас халдегі күдікті бағынбай, қарсылық көрсетіпті. Ол тіпті жанындағы танысымен бірге тәртіп сақшысына шабуыл жасап, күш көрсеткен. Соңынан полицейге тиесілі автокөлігін мініп, белгісіз бағытқа қарай айдап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Бәйдібек АІІБ-нің қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 1972 және 1979 жылы туған Бәйдібек ауданы мене Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің бірден төрт бабы: 200-бап “Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу”, 378-бап “Билік өкiлiн қорлау”, 379-бап “Билік өкіліне бағынбау” 380-бап Билік өкiлiне қатысты күш қолдану” бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript