Алматы облысында базардан екі нәресте табылды
Zakon.kz
Бір сәбиге 30 күн болса, біреуі 4 айлық.
Алматы облысы аумағында екі нәресте табылды. Олар қазір Қаскелеңдегі балалар ауруханасына орналастырылған. Бұл туралы stan.kz, newtimes.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Алматыдағы еріктілер клубы өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда ауруханада екі нәресте жатыр. Олардың бірі “Алтын Орда” базары аумағынан табылған.
“Бір сәбиге 30 күн болса, біреуі 4 айлық. Олардың бірін “Алтын Орда” базары маңына қалдырып кеткен. Қазір олар Қаскелеңдегі аурухананың балалар бөлімінде. Өздерін жақсы сезінеді”, – дейді еріктілер.
Олардың сөзінше, сәбилерге жылы киімдер мен қажетті заттар керек.
“Балаларға нәресте киімдері қажет. Жөргек, емізік секілді заттар да керек. Олардың ата-анасының табылғаны туралы ақпаратты білмеймін, тек бізден көмек сұрады. Балаларға обал әрине”, – деді клуб өкілі.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript