Павлодарда Естай мен Қорланға арналған ескерткіш тұрғызылады
Фото: zakon.kz
Естайдың «Құсни-Қорлан» әні - сері жігіттің айнадай сезімінің анық дәлелі.
Қос ғашыққа арналған ескерткіш Павлодар қаласындағы Естай-Кутузов көшелерінің қиылысында пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинованың айтуынша, қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің алдында мұндай ұсынысты ардагерлер, Қазақстанның сәулетшілер және суретшілер одағының мүшелері мен өнер адамдары білдірген.
- Бұл мәселе осыған дейін бірнеше рет көтерілген. Мүмкін болған жағдайда мүсін Естай мен Кутузов көшелерінің қиылысында «Артур» сауда үйінің алдында бой көтереді. Біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ескерткіш орнату туралы хат жолдаймыз. Егер бұл сұрақ бойынша комиссия тарапынан оң шешім қабылданса, қалалық әкімдік ескерткіштің макетін әзірлеуге конкурс жариялайтын болады, - деді Самал Бегалинова.
Айта кетейік, Естай мен Қорланның махаббаты тарих беттерінен ойып тұрып орын алғаны сөзсіз. Арманда кеткен ғашық жігіттің сырлы сезімі мен тағдырына бой ұсынған қазақтың ару Қорланы жайында бүгінгі ұрпақ та аңыз қылып айтады. Естайдың «Құсни-Қорлан» әні - сері жігіттің айнадай сезімінің анық дәлелі.
Думан Асқарбек
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript