Су тасқынына қарсы шаралар күшейтілуде
Zakon.kz
Қызметкерлермен тұрғындарға жадынамалар, кітапшалар табысталып, үйді су басқан жағдайда немесе қаупі төнген кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Астана қаласының ТЖД қызметкерлері елордалық Жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен (экологиялық полиция) бірлесіп, су тасқыны қауіпті аумақтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Сарыарқа» ауданы аумағында жеке тұлғалардың арық-арна жүйелерін қоқыс-қалдықтармен ластау фактілері анықталды.
Рейд барысында су тасқыны ықтимал орындарда халыққа су тасқыны пайда болуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша насихат жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлермен тұрғындарға жадынамалар, кітапшалар табысталып, үйді су басқан жағдайда немесе қаупі төнген кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Астана қаласының ТЖ департаменті үйлері су басу аумағына кіретін қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді. Шұғыл жағдайларды болдырмау үшін газды, электр бұйымдары мен суды, жанып жатқан пештегі отты сөндіру, бағалы заттарды және жиһазды жоғары қабаттарға немесе жертөлеге көшіру, есіктер мен терезелерді жабу немесе оларды тақтаймен жауып тастау, қауіпсіз жерге көшуге әзірлену керек, - дейді құтқарушылар.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript