Лента новостей
0

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аралады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.02.2017 22:22 Zakon.kz
Ардагерлер жауынгерлеріміз жасаған ерлікті, ауыртпашылықты қалай жеңгендері, ұрыс кезінде аз ғана сәттіліктің өзі қандай жолмен келгені,соғыстың сұрапыл күндері туралы жәнебатырлық жөнінде әңгімелеп берді.
Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің әскери қызметшілері 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер: Жаппар Серікбаевқа, Асан Медетбековке пен Өтепберген Мұстафинге барып қайтты. Ардагерлерге өз алғыстары білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеген әскерилер естелік заттары мен құнды сыйлықтарды тарту етті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Әсіресе, әскери қызметшілердің Жаппар Серікбаевпен кездесуі ерекше болды. Ол 1941-1945 жылдарыОңтүстік Қазақстан облысынанҰлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ардагер. Жасы 100-ге келді.

«Мен әскери қызметшілерге ризамын. Үнемі келіп, бізді назарда тыс қалдырмайды. Елімізде енді ешқашан соғыс болмасын, тек бейбітшілік болсын», - деді ардагер.

Ардагерлер жауынгерлеріміз жасаған ерлікті, ауыртпашылықты қалай жеңгендері, ұрыс кезінде аз ғана сәттіліктің өзі қандай жолмен келгені,соғыстың сұрапыл күндері туралы жәнебатырлық жөнінде әңгімелеп берді.

Олардың әрқайсысының соғыс туралы өз тарихы бар. Әскери атағы сержант Асан Медетбеков Башкириядағы ұрысқа қатысқан, ал старшина Өтепберген Мұстафин Беларусь майданында 2-ші құрамда соғысқан.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері – біздің батырларымыз. Олар біздің ұрпағымыз өсіп-өніп, бақытты күн кешуі үшін бейбіт өмір сыйлады. Ардагерлерге бейбіт заман үшін мың алғыс. Ерлік, көзсіз батырлық, қаһармандық пен жан қиярлығы үшін бас иеміз. Олар әскери қызметшілер үшін батырлықтың үлгісі. Біз ешқашан оларды ұмытпаймыз», - деп атап өтті әскери қызметшілер.

Фото: www.mod.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: