Лента новостей
0

Шымкент мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.02.2017 23:23 Zakon.kz
Тексеру кезінде жәбірленушінің мектепте дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған жарылыс салдарынан зардап шеккені анықталды.
Шымкенттегі мектептердің бірінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, салдарынан мұғалім қаза болды. Бұл туралы stan.kz, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

26 ақпан, жексенбі күні күндіз, полиция қызметкерлеріне дәрігерлерге ауыр хәлде ер адамның түскені хабарланған. 1982 жылы туған зардап шегушіні арқасындағы жарақаттармен жеткізген. Кейіннен ер адам есін жимай көз жұмды.

“Тексеру кезінде жәбірленушінің мектепте дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған жарылыс салдарынан зардап шеккені анықталды. Ол мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген”, — деп хабарлады полицияда.

Аталған дерек Абай аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлімі “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото: stan.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: