Ақтөбеде көктем басталмай жатып қала көшелері суға толды
Zakon.kz
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі күні су тасқынына қарсы жұмсалатын инерттік материалдардың 18.000 тоннасы дайын.
Ақтөбеде көктем басталмай жатып қала көшелері суға толды. Ал жер үйлер қар суы астында қалудың аз-ақ алдында тұр. Әсіресе қыс бойы қардан тазартылмаған көше тұрғындары күн жылынғаннан бері жандарын шүберекке түйіп отырғандарын айтады, деп жазады 31 арна.
Көктемгі су тасқынына сақадай саймыз деген Ақтөбе қаласының басшылығы қалада әлі де болса қыстың қары шығарылмаған көшелердің барынан хабарсыз сияқты. Мәселен мына көшенің тұрғындары аула тұрмақ, көше бойындағы жиналған қарды төрт айдан бері ешкім келіп тазартпағанын айтады. Тұрғындар енді күн жылына бастағанда үйілген қар еріп, үйлерін басып қала ма деп қорқып отыр. Тұрғындардың айтуынша, көшелері жылда көктемде суға кетсе де, әкімшілік алдын-ала шара қолданбайды екен.
НИКОЛАЙ СТЕПАНЕЦ, Тұрғын:
- Плавать будем весной. Көктемде суға кетеміз. Ауламызды барып қараңыз. Аулада да қар тау болып үйіліп жатыр. Қарды қайда шығарарымызды білмейміз. Көшенің қарын көріп тұрсыздар. Қыс басталғалы бір де бір рет келіп тазартқан емес. Жылда осылай. Әкімдік қайда қарап отыр?.
Ал көктемгі су тасқынына қарсы арнайы комиссия құрып қойдық деп сүйіншілеген төтеншеліктер төбе-төбе болып үйілген қар туралы біледі екен. Бірақ шығаруға асықпайды. Күннің жылынғанын күтпек. Ал тасқынға қарсы жұмыстарды арықтарды тазартудан бастамақ.
ҚҰМАР ТҰРМАҒАНБЕТОВ, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімінің бастығы:
- Қазір деген бәрі қардың астында. Енді айтып тұрмын ғой назар аударатын мәселе уақытында қар шығару деп. Жіті назар аударатын орындар жаңағы жыл сайынғы Москва, Шанхай, ГМЗ аудандары, сосын одан басқа бау - бақшада тұратын адамдар. Көбінесе бізге қауіп төндіретін осы саяжай учаскелері өзен бойындағы.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі күні су тасқынына қарсы жұмсалатын инерттік материалдардың 18.000 тоннасы дайын. Ал көктемде су астында қаламын ба деп қорыққан 90 жастағы бұл әжей әкімшілік келіп қарын тазартамын дегенше су басып үлгереді дейді. Шарасыз қарт қолына күрек ұстап, ауладағы қарын өзі тазартып жүр.
Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин
Фото: www.novayagazeta.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript