Лента новостей
0

Қостанайда жаңа туған құлындар қырылып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.02.2017 17:43 Zakon.kz
Құлындар туыла сала аяқтанбастан қырылып жатыр.
Қостанайның Амангелді ауданында белгізсіз дертке шалдыққан құлындар туа салып қырылып жатыр. Қамбар ата тұқымының төлдеріне келіп жатқан зауал малмен жансақтап отырған жергілікті жұртшылықты қатты алаңдатуда, деп хабарлайды Baq.kz.

Бағып отырған биелерінің құлындарына тиген дертті анықтауға биліктен қол ұштарын беруді өтінген жергілікті тұрғын Сүндет Есентаевтың жан айқайы әлеуметтік желі арқылы тараған болатын. Осы орайда аталмыш тұрғынмен телефон арқылы тілдескенімізде бізге былай деді.

«Құлындар туыла сала аяқтанбастан қырылып жатыр. Қазірдің өзінде біз бағып отырған биелерден туған 23 бас құлын өлді. Олардың барлығы сап-сау туып, кейін қоғадай жапырылып, қырылып жатыр. Бұларға қандай дерт келгенін білмей тығырыққа тіреліп отырмыз. Былтырғы киіктерге тиген нәубет құлындарға ауысқан секілді. Қазір бүкіл аудан бойынша жылқы бағып отырғандардың жағдайлары осындай. Амангелдіден 6 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдарда да құлындар қырылып жатыр», – дейді жылқышы Сүндет Есентаев.

Осы мәселенің анық-қанығын білмек болып Қостанай облысы мал дәрігерлік басқармасына бардық. Ондағы басқарма мамандары ауыл тұрғындарының жан айқайынан хабардар екендерін айтып отыр. Бұл арада артық байбалам салу орынсыз. Құлындар жаппай қырылып жатыр дегенге ешбір негіз жоқ деп отыр. Сондай-ақ, олар бұл жағдайды өз бақылауларына алатынын да айтты.

«Біздің басқармаға Амангелді ауданының бақташылары биелер құлын тастап жатқанын айтып хабарласты. Қазір олардың жаппай қырылуының себебі неден екенін дөп басып айту қиын. Басқармаға осы хабар түсісімен бірден арнайы мамандарымызды сол ауданға жібердік. Олар барғанда екі биенің құлындап, құлындарының өліп қалғандарын баяндады. Қазір өлген құлындардан алынған сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз», – дейді Қостанай облысы әкімдігінің мал дәрігерлік басқармасы басшысының орынбасары Марат Күзенбаев.

Осы орайда жергілікті билік басындағылар арқасын кеңге салып отырғанда ауылдағы ағайын қорасындағы малынан айырылып қалмаса екен дейміз. Өйткені, қорасындағы малының арам қатуы, тұрғындардың арқасына аяздай бататыны сөзсіз.

Мешіт Ғазиз

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: