Лента новостей
0

40 жастағы азамат 4 жасар баланы аяғынан мылтықпен атып құлатқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.03.2017 22:23 Zakon.kz
Қансыраған бала анасының жұмыстан келуін 2 сағат күтіпті.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 40 жастағы азамат 4 жасар баланы аяғынан мылтықпен атып құлатқан. Тіпті, ешқандай көмек қолын созбай, қансыраған балақайға мойын бұрмаған. Анасының шағымынан кейін іс қозғаған полицейлер қылмыс құрамы анықталмады деп екі аптаға жеткізбей істі жауып тастаған, деп жазады 31 телеарна.

Баласына оқ атқан көршісі мен істі жылы жапқан тәртіп сақшыларының әрекетіне ашулы ана, енді әділет іздеп жүр.
- Ауырды ма аяғың?
- Иә.
- Аяғың қан болды ма?
- Иә.
Көшеде ойнап жүріп қоршаусыз аулаға байқамай кірген балақай оқ тигеннен кейін алты ай өтсе де әлі күнге үрейлі. Кез келген адамға сескене қарайтын Ақжол осы оқиғадан соң көршінің ауласына жақын баруды да қойған. Ал туған бауырын көтеріп қашқан алты жасар Алина атылған мылтықты көзімен көрген.
АЛИНА ӘБДІКЕРІМОВА, Ақжолдың әпкесі:

- Ағаштың қасына келгенде мен оны көтеріп алдым. Бір орындық бар сол жерде, соған отырғызып аяғын жудым.
Қансыраған бала анасының жұмыстан келуін 2 сағат күтіпті. Дәрігерлер тек 8 сағаттан кейін Ақжолдың сол аяғынан пневматикалық мылтықтың оғын алған. Жалғызбасты ана ұлына қатысты қылмыстық істің жабылғанын екі айдан кейін білген. Ал көршісінің сол күнгі оғаш әрекетін әлі ұмытпайды.
МАЙРА ІБІЛЖАН, Ақжолдың анасы:

- 77 жылғы мырза, 4 баласы бар. Сонда неужели онда әкелік мейірім болған жоқ? Ешқандай іс-қимыл жасамай, дені дұрыс адам "отырыңыз машинаға, больницаға барып көрейік, астымда көлік бар" деп айтуға болар еді. Онда мен түсінер едім.
Дәл сол ұлым қиналған уақытта, қол ұшын беріп, кешірім сұраса, бәрін де ұмытар едім деген ана намысы тапталып, жігері құм болған соң заң орындарына қайта шағымданған.
ШЫҢҒЫС ОСПАНОВ, Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының прокуроры:

- ҚР ҚПК-нің 24 бабының талаптары сақталмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы анықтаушының қаулысы күшін жойып, қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілген. Қазір қылмыстық іс қайта тергеліп жатыр.
Алайда істі тоқтату туралы қаулыға аудандық прокуратура өкілдері де қол қойған. Мәселеге араласқан заңгер қылмыстық іс жабылған соң сот-медициналық сараптама тағайындалғанын анықтапты. Оған қоса, Ақжолдың аяғынан табылған оқтың арнайы мақсатта пайдаланылатыны белгілі болыпты.
АСЫЛХАН ОТАШЕВ, Заңгер:

- Танысу барысында білгенім істі тергеуші 12 күннің ішінде жауып тастаған. Ешқандай құжаттарды тексермеген. Оқиға орнын тексермеген. Баланың оғын экспертизаға апармаған.
Майра Ібілжанның талабы бойынша қылмыстық істі Алматы облыстық ішкі істер департаменті бақылауға алыпты. Ал төрт жасар баланы мылтықпен атып жаралаған азамат бостандықта жүр. Тіпті, өзін кінәлі сезінбейді.
Жарас Ниязбек, Сергей Шуйский

Фото: Altaynews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: