Лента новостей
0

Оңтүстік Қазақстанда Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.03.2017 00:02 Zakon.kz
Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда 1 наурыз күні – Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Шымкенттегі «Royal rose» салтанат сарайында ұйымдастырылған шара, ең алдымен, 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен бастауын алып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелік кездесудің негізгі бөлігі салтанат сарайында жалғасып, өткен ғасырда қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.



Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.



«Қадірлі жерлестер! Кешірім – адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз – бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. Осы сәтті пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», - деген аймақ басшысы.

Сонымен қатар, жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық құрамының мүшесі, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочорошвили сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғысын білдірді.



Іс-шарада кезінде тағдыр тәлкегімен қазақ еліне келген барша этностардың қоныстануы туралы тарихи мәліметтер арқау болған «Бауырмал ел – Қазақстан!» тақырыбында театрландырылған-сахналық қойылым көрсетіліп, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған, қазіргі кезде алыс және жақын шет елдерде тұратын бірқатар азаматтардың тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – Алғыс айту күні деп жариялау туралы бастама көтерген болатын. Қоғам тарапынан байыпты бастамаға лайықты қолдау көрсетіліп, 2016 жылғы қаңтарда бұл күн Президент Жарлығымен мерекелер қатарына қосылды.



Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауына баланған қасиетті оңтүстік жерінде 100-ден астам этнос өкілдері жарасты ғұмыр кешіп, ортақ шаңырағымызды көркейтіп отыр. Ынтымағын – ырысқа, бірлігін – берекеге теңейтін өңірдегі ассамблеяның маңайына топтасқан 20 этномәдени бірлестік ел игілігі жолындағы түрлі бастамаларға қолдау көрсетіп, аймақтағы қоғамдық келісімді сақтауға лайықты үлес қосып келеді.

Ал таяуда Шымкенттегі «Қазақстан» кинотеатры қайта құрылымдаудан өтті. Жақында аталған нысан облыстық ассамблеяның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің игілігіне берілетін болады.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: