Лента новостей
0

Қарасу ықшам ауданының тұрғындары жол азабын тартып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.03.2017 18:08 Zakon.kz
Бұл көшемен жүріп өту, тіпті, азаптың азабы.
Көктем келіп, күн жылына бастаса Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшам ауданының тұрғындары даурыға бастайды. Себебі жол деген аты болмаса, батпақтан көз ашпаған жердің көшеге лайық сипаты жоқ. Жауыр болған жол жайын шешуге аудан әкімдігінің де әлеуеті жетпей тұрғанға ұқсайды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Сұрақтың жауабына мектептегі оқушының әсте жауап беруі қиынға түсері анық. Алайда мына жиылған жұрт көшедегі лайдан қашан ада болып, ел қатарлы емен-еркін жүріп-тұрамыз деп абыржулы. Еңкейген қарт аяқ алып жүруден қалса, баланың оқуға барып-келуі таусылмайтын бір жырға айналған.

«Баланы әйтеуір таңертең көтеріп алып келеміз, сумкасының өзін айтпай-ақ қояйық, оның өзі 5 кг-нан асады, жолдан қайтқан кезде жығылып-сүрініп, бір адам келмесе үйге қайта алмайды. Үйге барады батпақ болып, су жоқ. Құжаттарын беріп жатырмыз, екі айдан кейін кел дейді, оған барсақ, ол жоқ», - деді Қарасу ықшам ауданының тұрғыны Жарқын Кәрімхан.

Тұрғындар мұнда осыдан 5 жыл бұрын көшірілген екен. 2012 жылы үйлері қызыл сызықта орналасқан халыққа Қарасу ықшам ауданынан мемлекеттік бағдарлама бойынша арнайы жер бөлініпті. Тұрғындардың айтуынша, сол кездегі құжатта инфрақұрылымы толық қамтылған орынға келулері керек болған-мыс.

«Жедел жәрдем шақырғанда Шаяхметовадағы 179 мектептің қасы деп шақырамыз. Оны күтіп аламыз. Мынандай балшықта жедел жәрдем кірмейді. Ол ана екіқабат әйел болсын, өлейін деп жатқан адам болсын бәрі, көтеріп келеміз осы жаққа. Машина да батып қалады, машина да жүре алмайды. Носилкаға саламыз ба, көтеріп солай алшып келеміз. Сондай күн кешіп жатырсыз», - деді Қарасу ықшам ауданының тұрғыны Гүлмира Қазбекова.

Елді-мекенге жауапты Алатау ауданының мамандары халықты ауыз су және кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстарының жүріп жатқандығын алға тартты. Көшеге тасжолдың төселмей жатқандығы да содан деп түсіндірді, жағалылар.

«Аталған ықшам ауданға жол салу, біріншіден инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қарасуда бірінші кезеңнің жұмысы аяқталды. 12 км су, 8 км кәріз құбырының жұмысы аяқталды, биылғы жылдың аяғына дейін 2-ші кезеңнің жұмысы аяқталады. Келесі жылға қарай жауапты Алматы қалалық автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жоспарлы түрде жол салу мәселесі қаратылатын болады», - деді Алатау ауданы коммуналды шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс Бесіров.

Бұл көшемен жүріп өту, тіпті, азаптың азабы. Балшыққа белшеден батқан Қарасулықтар үшін бұл қалыпты жағдайға айналған.

Жергілікті билік өкілдері, ықшам ауданның келбеті келесі жылы толығымен өзгереді деп сендірді. Әзірге, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр екен. Ал, балақтан балшық кешкен тұрғындарға біраз уақыт тағы да күтулеріне тура келіп тұр.

Назкен Байтілес, Рашидин Якупов

Фото: videouo.com
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: