Оқушы балалар «шөп шегіп» тұрған жерінен ұсталды
Zakon.kz
Ер адамның "Ұста" деген сөзіне екеуі бір-бірін ұстай жөнеледі.
Ер адам көшеде үрленген пакеттегі желімді иіскеп тұрған екі оқушыны камераға түсіріп алған, деп жазады qamshy.kz.
Олар ер адамды көре салысымен қаша жөнеледі. Алайда оқушы балалардың масайғанын байқауға болады.
Ер адамның "Ұста" деген сөзіне екеуі бір-бірін ұстай жөнеледі. Бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, желі қолданушыларының ашуын келтірді.
Олар балаларды мектеп пен үйден тыс немен шұғылданып жүргенін қатаң бақылауға алу керектігін жазып, пікір қалдырған. Аталмыш видео қай қалада түсірілгені белгісіз.
Фото: qamshy.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript