Қазақстандық гей, лесби және бисексуалдар Абайдың қара сөзін ұран етіп алған
Zakon.kz
Гей, лесби және бисексуалдарға арналған аталмыш сайт 1 наурыздан өз жұмысын бастаған.
Қазақстанда гей, лесби және бисексуалдардың құқығын қорғайтын Kok.team атты жаңа сайт ашылды. Сорақысы бұл сайттың басты бетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөзі жазылған, деп хабарлайды qamshy.kz.
Қазақстандық гейлердің порталы Абайдың сөзін өздеріне ұран етіп алыпты.
"Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады", - деп Абай Құнанбайұлының сөзін келтіріп қойыпты.
Гей, лесби және бисексуалдарға арналған аталмыш сайт 1 наурыздан өз жұмысын бастаған. Енді олардың мәселесіне қатысты түрлі мақалалар ешбір мәселесіз жарияланатын болады.
Сайтты ашушылар мұның қажеттілігін былай деп түсіндірген: Қазақстандықтардың арасында орта есеппен 7-10 пайызы дәстүрлі емес жыныстағы адамдар (әртүрлі жастағы жалпы саны 1,5 миллион адам).
Оның үстіне қазіргі таңда елімізде сол топқа арналған осы тақырыптағы қызықты ресурстар жоқтың қасы. Гей, лесби және бисексуалдар өмірі туралы сайтты еріктілер жасап шықты. Жоба авторлары порталда гей, лесби, бисексуалдардың өмірі мен зерттеу нәтижелерін жариялайды.
Фото: rostov.press
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript