Павлодарда ысты газдан уланып қалған үш адам ауруханаға түсті
Zakon.kz
80 жастағы пәтер иесіне медициналық көмек көрсетілді.
Павлодарда ысты газдан уланып қалған үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Омская, 16 көшесінде жеке секторда орналасқан үйде ысты газдан зардап шеккен 20 және 29 жастағы екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұдан басқа, Павлов көшесі, 30 мекенжайы бойынша екі бөлмелі үйде өрт шыққан.
Оқиға орнынан «Орта дәрежеде ысты газбен уланған» диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген 80 жастағы пәтер иесіне медициналық көмек көрсетілді. Бірінші жағдайда тілсіз жаудың орын алуына пештен ақау шығуы себеп болса, көп қабатты үйде электр пешінің тұйықталуы салдарынан өрт болған. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript