Лента новостей
0

Қала көшелеріндегі тесілген трассалар көлік апаттарының көптігіне себеп болып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.03.2017 20:02 Zakon.kz
Жүргізушілер дер кезінде жол жөнделмесе де, қазылған жолдың бар екенін білдіретін белгінің қойылмағанына шағымданып отыр.
Қала көшелеріндегі тесілген трассалар көлік апаттарының көптігіне себеп болып отыр. Құлжа тас жолындағы шұңғырға түсіп, дөңгелегі жарылған жеңіл көліктің кесірінен 8 адам опат бола жаздады. Көліктің жартысы кесіліп түссе де, жеңіл жарақат алған жолаушылар абырой болғанда аман қалған, деп жазады Алматы телеарнасы.

Ойылған жолдан қашпақ болған жүргізуші қарсы бағытқа шығып, салдарынан бірнеше көлік апатқа ұшыраған. Куәгерлер мен жүргізушілердің айтуынша, көліктен жолаушылар өздері шыққан. Бірақ, жедел жәрдем көлігі келгенмен, жолаушылар ауруханаға барудан бас тарқан. Жүргізушілер дер кезінде жол жөнделмесе де, қазылған жолдың бар екенін білдіретін белгінің қойылмағанына шағымданып отыр.

Ал үш рет сотталып, түнде мас күйінде рөлге отырған мына жүргізуші апат жасап, елдің машинасын осымен бірнеше рет бүлдірген. Оқиға орнынан қашып кеткен мас жүргізушіні полиция қызметкерлері арада бірнеше сағат өткенде тауып алды. Бағдаршамның қызылына ғана өтіп қоймай, қарсы бағытқа шыққан қаской қала тұрғындары мен құқық қорғау қызметкерлерін аз әуреге салған жоқ. Ащы судан ұрттап алып, ақыл айтқан қашқынның берген түсініктемесі мынау.

Фото: www.ktk.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: