Ақтөбе облысында екі жасар баланы жылу батереясынан қатты күйік шалған
Zakon.kz
Оқиғадан кейін балабақша қызметкерлері балаға алғашқы көмек көрсетпеген. Олар қоңырау шалып ата-анасын шақыртыпты.
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылындағы балабақшада екі жастағы Нұрай Өтегенді қатты күйік шалған. Бұл туралы stan.kz, “Диапазон” жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Түскі үзіліс кезінде бала кереуеттен құлап кетіп, жылу батереялары арасына қыстырылып қалады. Оның жылаған дауысы мен айқайын ешкім естімеген. Нұрай Өтеген баратын топта 13 бала бар екен. Оларға түскен дейін бір тәрбиеші қараса, түстен кейін басқа адам ауысатын болған.
“3 наурыз күні қызым әдеттегідей балабақшаға барды. Түскі астан соң тәрбиеші балаларды ұйқыға жатқызып, өзі дәретханаға бара жатқанын айтыпты. Менің қызым ұйықтап жатып кереуеттен құлап кетіп, батереяға қыстырылып қалған. Ол аяғын шығара алмай қалған сияқты. Қызым айқайлап жылаған. Ешкім көмекке келмепті. Жоғары топтың тәрбиешісі естімеген. Тек қатты күйік шалған кезде барып біздің тәрбиеші келген”, – дейді қыздың әкесі Ердібек Оспанов.
Оқиғадан кейін балабақша қызметкерлері балаға алғашқы көмек көрсетпеген. Олар қоңырау шалып ата-анасын шақыртыпты.
“Мен медбике қайда десем, олар: Біз дәрігер шақырмадық” дейді. Жараны емдеу керек емес пе, мен оны қатты күйікпен үйге алып кете алмаймын ғой. Біз медпунктті ашқан кезде ол жерде 3 тонометр, 4 қысым өлшегіш және бір дәке ғана болды. Басқа ешқандай дәрілер мен құралдар жоқ”, – дейді әкесі.
Кейін ол ауылдық ауруханаға барған, алайда ол жерде ешбір көмек көрсететін зат табылмапты. Бала екі күн ұйықтай алмай, ақыры ата-анасы оны үшінші күні Хромтауға алып кетеді.
“Олар мамандар керек екенін, олардың Ақтөбеде екенін айтты. Емін жалғастыру үшін, қызымызды облыстық балалар ауруханасына алып кетеді”, – дейді ата-анасы.
Ал балабақша қызметкерлері болса болған жәйтті басшылықтан жасырыпты. Ердібек Оспанов шыдамай жағдайды полицияға жеткізген. Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Зәуреш Серікқызы аталған оқиғаға байланысты шара қабылдауға уәде беріпті.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript