Биылғы көктемде Павлодар облысында үйректерді аулауға тыйым салынады
Zakon.kz
2016 жылы Павлодар облысында 902749 үйрек болса, өткен жылдың соңында аңшылар 37000 құсты атып алған.
Павлодар облысында 16 ақпан-14 маусым аралығында құстарды аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Мұқатаев мәлім етті.
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылы және жануарлар әлемі комитетінің бұйрығына сәйкес 2017 жылдың көктемінде аңшылық маусымы болмайды. Бұл өте дұрыс. Себебі соңғы 10 жылда құстар түрінің азаю фактісі тіркелген. Ғылыми тұрғыдан көктемгі аңшылықтың құстардың көбеюіне аса қауіп төндіретіні дәлелденген. Көптеген аңшылар орманшылардың салғырттығын пайдаланып, еркегі мен ұрғашы қанаттыны қатар атады. Енді бұған тыйым салуды жөн көрдік. Алдағы бес жыл ішінде құстар саны мен түрінің көбеюіне куә боларымызға сенімдімін, - деді Арман Мұқатаев.
Айта кетейік, 2016 жылы Павлодар облысында 902749 үйрек болса, өткен жылдың соңында аңшылар 37000 құсты атып алған. Кейінгі кездері кейбір аңшылар өз еркімен аң-құсты аулаудан бас тартуда. Мысалы, 2015 жылы аң аулау құқығына 552 жолдама берілсе, 2016 жылы жолдама саны 388-ге азайды.
Думан Асқарбек
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript