Лента новостей
0

Алматыға тағы да су тасқыны қаупі төніп тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2017 17:05 Zakon.kz
Қаланың төтенше жағдай қызметі соңғы жылдары жұртқа тыныштық бермей отырған Қарғалы өзеніне де баса назар аударған.
Алматыға тағы да су тасқыны қаупі төніп тұр. Өйткені таудағы қардың көлемі былтырғыдан екі есе көп. Қауіптің алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар қызметі жанталасып өзен аңғарларын бекітіп жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Қара жұмыстар «Көктем-2017» атты жаттығу аясында жүргізілуде. Бұл іске 678 техника мен 2 мыңнан астам адам жұмылдырылыпты. Олардың арасында Ұлттық Ұлан жауынгерлері де бар.

Қаланың төтенше жағдай қызметі соңғы жылдары жұртқа тыныштық бермей отырған Қарғалы өзеніне де баса назар аударған. Осылайша қаланың сегіз ауданындағы ірілі-ұсақты өзендердің барлығы бақылауға алыныпты. Жалпы, Алматы қаласы бойынша су тасуы мүмкін делінген 65 аумақ бар екен. Соның ішінде аса қауіп тудыратын тұстар Алатау және Наурызбай аудандарында.

Бекболат Бұғабаев, Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері:

- Бүгінгі таңда Қазгидрометтің мәліметі бойынша таудағы қардың биіктігі 1,5-2 есе асады. Сондықтан осы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Фото: Kazinform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: