Лента новостей
0

Алматы облысында су басуы мүмкін 56 учаске анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2017 21:07 Zakon.kz
Таулы аймақтар мен өзен бассейндеріне тексерістер жүргізілуде.
Алматы облысында су басуы мүмкін 56 учаске анықталды. Жалпы тасқынның алдын алу шарасына 477 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 402 млн теңгеден астамы өзендердің жағалауын нығайтуға және тереңдетуге, ал 75 млн. теңгеге жуығы алдын-алу жұмыстарына бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су басқан жағдайда шұғыл әрекет ететін 650-ден астам техника мен 4 мыңға жуық адам дайын тұр. Халықты қабылдайтын жерлер, азық-түлік, дәрі-дәрмек, жатын орын сынды дүниелер қарастырылған. Қазір төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда.

Таулы аймақтар мен өзен бассейндеріне тексерістер жүргізілуде. Су қоймаларының күнделікті жағдайына (судың толуы) мониторинг жасалауда. Сонымен қатар, мың шақырымнан астам арық, 364 бірлік су өткізу құбырлары тазартылып, мың текше метрден астам қар шығарылған. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аймақта жалпы ахуал тұрақты екенін айтады.

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг барысында мәлім болды. Қауіпті учаскелерге 121 гидрологиялық бекеттер қойылған. Ал, су басуы мүмкін 56 учаске 13 ауданда анықталып отыр. Онда 18 мыңнан астам халық тұрады. Сондай ақ қауіпті аймақтардың ішінде республикалық, облыстық маңызға ие жолдар, жалпы ұзындығы 26,79 шақырымды құрайтын 15 теміржол учаскесі де бар.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: