Ертіс өзеніне жақын орналасқан ауылдардағы жағдай алаңдатып отыр
Zakon.kz
Өткен жылдың қара күзінде өзен тасып, сай-салаға жайылған су тартылмастан күн суытқан еді.
Павлодар облысында, әсіресе Ертіс өзеніне жақын орналасқан ауылдардағы жағдай алаңдатып отыр. Мұнда су басу қаупі жоғары 47 елді мекен бар, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Өткен жылдың қара күзінде өзен тасып, сай-салаға жайылған су тартылмастан күн суытқан еді. Қазан айының ортасында қар түсіп, өзен қойнауы сірескен мұзға айналды. Оның үстіне толассыз жауған қар мен ақпанның ақ түтек бораны жағдайды ушықтыра түсті.
Биыл күн ерте жылынса, тасыған судан елді мекендерге қауіп төнетінін Төтенше жағдайлар қызметі жоққа шығармайды. Қызыл су жылда Павлодардың іргесінде тұрған Ленин кентінің шеткі көшелеріне жайылады. Оқу-жаттығу шарасы аясында бұл ауылдан 3 мың тоннадан астам қар шығарылды. Сарбаздар құм толтырылған қаптарды қалап, жасанды бөгеттер тұрғызды.
Қайрат Бертібаев, қалалық ТЖБ басшысының орынбасары:
- Биыл жағдай күрделі. Қар шамадан тыс көп жауды. Көптеген ауылдарды қар басып қалған. Қолайсыз ауа райы халыққа қиын болып тұр. Біз алдын алу шараларын күшейттік. Оқу-жаттығуға Ұлттық ұланның сарбаздары да атсалысып жатыр.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript