Туған анасына пышақ кезеген жүгенсіз жігіт 4 жылға сотталды
Zakon.kz
Шайтан судың кесірінен шатасқан жігітті Семей қаласындағы N2 сот 4 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі.
Семейде жүгенсіз кеткен жігіт туған анасына пышақ кезеді. Сұмдық жағдай жаға ұстатты. Ішімдікке сылқия тойып алған ол өз үйінде шешесінің алқымына суық қару таяп, ақша беруін талап еткен, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Тоғыз ай көтергені аздай, баласының бұл қылығына да шыдаған анасы байғұс басына төнген қатерден қорқып, жатын бөлмедегі 2 мың теңгесін бере салған.
Қолына ақша түскен ұлы бұдан кейін үйден тайып тұрған. Шайтан судың кесірінен шатасқан жігітті Семей қаласындағы N2 сот 4 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі.
Авторы: Болат Көкенайұлы
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript