Лента новостей
0

Павлодар облысында қаңғыбас иттер адам мен малдарға шабуылдауда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2017 20:08 Zakon.kz
Павлодар қаласы ветеринариялық станциясының директоры Серікбай Кұрұмбаевтың айтуынша, арнайы топ өкілдері тұрғындар тарапынан өтініш келіп түкен соң ғана иттерді аулауға шығады.
Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық округінде қаңғыбас ит қауып алған 43 жастағы тұрғын ауруханаға жүгінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- 1974 жылғы әйел адам №1 қалалық ауруханаға өзі келген. Ит оның сол жақ білегін қауып алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің бақылауымен үйге қайтарылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Павлодар қаласы ветеринариялық станциясының директоры Серікбай Кұрұмбаевтың айтуынша, арнайы топ өкілдері тұрғындар тарапынан өтініш келіп түкен соң ғана иттерді аулауға шығады.

- Өткен сенбі күні Кенжекөл ауылында төрт ит атылды. Оның екеуі - алабай тұқымдас. Бүгін, яғни дүйсенбі күні мамандар тағы да ауыл бойынша жүріп өтіп, қаңғыбас иттерге қарсы шара қолданбақ. Жыл басынан бері Павлодар қаласы мен оған қарасты елді мекендерде қаңғыбас 830 ит пен 42 мысықтың көзі жойылған, - дейді Серікбай Кұрұмбаев.

Бұдан басқа, Ақсу қаласы әкімінің ресми сайтының блогына 6-наурыз күні Шамахай Шарықхан Ақжол ауылындағы малдарға қаңғыбас иттердің маза бермей жүргенін жазып шағымданған.

- Ақжол ауылының тұрғынымын. Ауылда малға қасқырша шабуылдайтын ит көбейіп кетті. Менің төрт қойымды жеді. Ол туралы ауыл адамдары біледі. Ауыл әкіміне айта-айта шаршадық. Өзің мылтық тауып атып таста деп мазақтайды. Көп адамдар малдарын шығынға ұшыратты. Қандай көмегің бар? Бүгін аз ғана қойды қоқыс жаққа шығарып едім, төрт ит келіп бір жұлғылап жатқаннан әзер айырдым. Ол иттер адамдардан қорықпайды. Жауап күтем, - деп жазды Шамахай Шарықхан.

Ауыл тұрғынының жауабына әкімдік тарапынан келесідей жауап ұсынылған:

- 2017 жылғы 6-наурызда Қалқаман селолық округінің ветеринариялық маманы Усэвхан Келамшаров Ақжол ауылында екі бас қаңғыбас иттің көзін жойы. Сонымен бірге, 7-наурызда Ақсу қаласы ветеринариялық станциясының директоры Қыдырғазы Жұмағұловтың жұмыс сапары барысында Усэвхан Келамшаров Ақжол ауылының тұрғыны Шынатай Шарықханмен бірге 21 бас қаңғыбас итті ату жұмыстарын жүргізді.

Соның ішінде алты ит - Қалқаман ауылынан, 15-і - Ақжол ауылынан. 8-наурызда Ақжол ауылы тұрғынының өтініші бойынша бір ит ауланды. Нәтижесінде барлығы 24 бас ит жойылды. Осы бағыттағы жұмыстар Қалқаман селолық округі мамандарымен әрі қарай жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, жуырда республикалық БАҚ-та Баянауыл ауданында сирек кездесетін иттерді атып тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, материалда иттердің көшеде емес, сарайда жатқаны түсірілген видео қолданылған. Нәтижесінде атылған тазылар туралы видеоның қайда түсірілгені белгісіз қалды.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: