Екібастұзда 23 жастағы жігітті пышақтап кеткен
Zakon.kz
Қанішердің қолынан қаза тапқан жігіттің денесі 19-шағын ауданда табылған.
Екібастұзда 23 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, кеншілер қаласында тәртіп сақшылары ізін суытпай құрықтаған 28 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына жеткізген.
Қанішердің қолынан қаза тапқан жігіттің денесі 19-шағын ауданда табылған. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript