Лента новостей
0

Ақтөбеде ақшаға алданып, жұмысқа жегілген жетім бала құлдықта болғанын айтады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.03.2017 17:29 Zakon.kz
Жасұлан Сәндібеков осыдан екі жыл бұрын Ақтөбедегі "Жайсан" жетімдер үйінен шыққанын айтады.
Ақтөбеде ақшаға алданып, жұмысқа жегілген жетім бала құлдықта болғанын айтады. Айтуынша, үш айы бойы оны Қобда ауданының тұрғыны қорлықта ұстап, мал бақтырған. Ал қашып кететін болсаң өлтіремін деп қорқытты дейді. Мал баққан азамат Қобда ауданынан Ақтөбеге жаяулатып қашыпты. Қазір 21жастағы жігіт облыстық аурухананың гаражын паналап жүр, деп жазады 31 теларна.
Жасұлан Сәндібеков осыдан екі жыл бұрын Ақтөбедегі "Жайсан" жетімдер үйінен шыққанын айтады. Содан бері жалданып жұмыс жасап, әркімнің табалдырығында жүрдім,- дейді. Ал соңғы қожайыны еркінен тыс ұстап, нағыз құлға айналдырғанын айтады. Сөзінше, ақша төлеймін деп Қобда ауданына алдап алып кетіп, барғаннан кейін күндіз-түні малдың соңына салып қойған.
ЖАСҰЛАН СӘНДІБЕКОВ:

- Мал бақтым круглосуточно үш ай бойы. Ішіп алғанда ұратын болды. Кете алмадым.
- Неге кете алмадың?
- Жіберген жоқ.
- Қорқытып ұстады ма сонда сені?
- Иә. Қалай қорқытты?
- Өлтіреміз деді.
Қазір құлдықтан құтылған Жасұлан Ақтөбе облыстық аурухананың гаражын паналап жүр. Жол бойынан тауып алған осы аурухананың жүргізушісі оны әзірге гараждың бір бөлмесіне орналастырыпты. Қаржау Бедеров Жасұланды өз үйіне тіркеуге отырғызғанын және оған қазір жан- жақтан жұмыс іздеп жатқанын да айтады.
ҚАРЖАУ БЕДЕРОВ, Тұрғын:

- Мен қаладан келе жатыр едім. Бұл бала жолда тұр, күн салқын болды, қара суық. Жұмысыма кеткенше отырғызып алдым. Сөйлестік. Дед домның баласы болып шықты. Сосын қасыма келді. Осында жатады. Біздің қасымызда. Енді жұмыс табылатын шығар деп отырмын. Алдымыз жаз ғой.
Ал ата-анасының қамқорлығын сезіне алмаған осындай жетім балаларды бақылайтын арнайы мекеме жетімдер үйі түлектерінің қал-жағдайын жиі біліп тұрамыз деп ақталғандарымен Жасұланның оқиғасынан хабарсыз болып шықты. Айтуларынша егер құлдыққа қатысты жағдай расталатын болса, құқық қорғау органдарына дейін көтеріп жағдайды анықтайтын болады.
ҚАЙРАТ АЛДАЖАРОВ, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Енді бұл баланы бізде қарау керек, ол 3-4 жыл бұрын колледжді бітірген бала. Бұны нақтылау керек қай уақыттан бастап жұмыссыз қалды. Бұл жұмыс қолға алынатын болады.
- Енді оған көмектесесіздер ме?
- Әрине көмектесеміз.
Ал облыстық ішкі істер департаментінің статистикасы бойынша, өткен жылы Ақтөбе облысында осы құлдыққа қатысты екі жағдай тіркелсе, биылдың өзінде құлдыққа жегілген екі әйел адам шағымданып үлгерген. Айта кету керек құлдыққа жекті деп шағымданған адамдардың барлығы да ауылшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының құрбандары екен.
Жанар Қожанова, Бағдат Баймұрзин

Фото: Qamshy.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: