Лента новостей
0

Таразда әлем халықтарының билеріне арналған аймақтық байқау өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2017 16:19 Zakon.kz
Сайысқа белгілі өнер майталмандары әділқазылық жасады.
Жамбыл облысында әлем халықтарының билеріне арналған «Би әлемі» атты аймақтық байқау өтті. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ұйымдастырған хореографиялық сайысқа өңір жастары қатысты, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған өнер додасының мақсаты – ұлттар мен ұлыстардың билеріне деген қызығушылық пен құрметті арттыру және халықтардың салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы талантты жастарды анықтау, оларды бекзат өнерге баулу арқылы шығармашылық қарым-қабілетін дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.



Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова шараның мәні мен маңызына тоқталып, сайыстың өскелең ұрпақтың жан-жақты болып өсуіне және халықтар достығын нығайтуға қосар сүбелі үлесі турасында айтты.

Байқауда Меркі, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Талас, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласынан келген жастар қатысты. Өнер додасы екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы турда қатысушылар қазақ халқының, екінші кезеңде өзге ұлттың билерін орындап, өзара сынға түсті.



Сайысқа белгілі өнер майталмандары әділқазылық жасады. Конкурс барысында қатысушылар орындаушылық шеберлігі, сахналық бейнені сомдауы, композициялық шешімі, музыкалық сүйемелдеудің ұтымды таңдалуы, әртістік қабілеті және сыртқы пішіннің би мәнеріне сәйкес келуі сынды талаптар бойынша бағаланды.

«Бұл жоба жастарға үлкен мүмкіндік сыйлайды. Олар өз бойындағы өнерін ғана көрсетіп қоймайды, сондай-ақ жоғары оқу орынының маман хореографтарымен де жұмыс істеп, дәріс алады. Бұл келешекте олардың кәсіби биші ретінде шыңдала түсуіне сеп болмақ», – дейді қазылар алқасының мүшелері.



Байқау қорытындысы бойынша Ксения Рудакова «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып», бас жүлдеге ие болды. Оған институт ректоры Дария Қожамжарова тағайындаған ТарМПИ-да «Хореография» мамандығы бойынша білім алуға 100 пайыздық жеңілдік берілетіні туралы сертификат табысталды. Ал, 1-орын иегері Татьяна Дума 75 пайыздық, 2-орын иегері Адия Бекмурзаева 50 пайыздық және 3-орын иегері Меруерт Абикул 30 пайыздық оқу жеңілдігіне қол жеткізді. Сондай-ақ, қатысушыларды байқауға дайындаған ұстаздары «Үздік балетмейстерлік жұмыс», «Хореографиялық шығармашылық және бірегей идеялар» аталымдары бойынша арнайы дипломдармен марапатталды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: