Лента новостей
0

ОҚО әкімі кино және анимация саласының үздіктерімен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2017 20:19 Zakon.kz
Шығармашылық өкілдерімен болған отырыста сөз бастаған өңір басшысы кино саласы қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі екенін айтып, соңғы жылдары елімізде киноға және оның сапасына көңіл бөлініп келе жатқанын айтты.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі кинорежиссерлар мен анимация саласының мамандарымен кездесіп, «Ерлік» толықметражды фильмінің премьерасына қатысты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер майталмандарымен болған жүздесуде күнгейдегі кино мен анимация саласының дамыту жолдары талқыланып, алдағы жоспарлары айтылды.

Айта кетейік, елімізде кино индустриясы бойынша Оңтүстік Қазақстан екінші орында болса, анимациялық фильмдер түсіруден көш басында. Сонымен қатар, биыл қыркүйек айында Түркістан қаласында Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмінің фестивалі өтеді. Аталған фестивальде аниматорлар түркі әлеміне ортақ әзілдерімен танылған Қожа Нассердин образы ұсынылады. Бүгінде облысымыздағы жеке киностудиялардың 40-тан аса кино туындысы мен 51 анимациялық фильмі көрерменге жол тартқан.

Шығармашылық өкілдерімен болған отырыста сөз бастаған өңір басшысы кино саласы қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі екенін айтып, соңғы жылдары елімізде киноға және оның сапасына көңіл бөлініп келе жатқанын айтты.

«Шымкент қаласында кино саласы мен анимация саласы қарқынды дамып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында биыл қомақты қаржы бөлінуде. Сапалы әрі тәрбиелік мағынасы жоғары сценарий мен кәсіби режиссер сапалы фильмнің кепілі. Сондықтан да біз білікті кадрлар дайындау жұмыстарын қолға алуымыз қажет. Сонымен қатар, Оңтүстіктегі кино студияларды біріктіріп, ортақ құнды дүние жасап шығаруды ұсынамын. Бұл қазақ кино индустриясының дамуына септігін тигізіп, республика көлемінде Оңтүстіктің атын шығаруға, халықаралық деңгейде Қазақстанды танытуға мүмкіндік береді»,-деді әкім.
Жиында кино саласының үздіктері де өз ойларын ортаға салып, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, қаламгерлер бүгінде елімізде отандық киноны дамытуға мемлекеттен қолдаулар көрсетіліп жатқанын тілге тиек етіп, өңірде осы саланы дамытуды қолға алып, кинорежиссерларымен кездесіп отырған алғашқы әкім екенін жеткізді.

«Сізбен өткен кездесу шығармашылық ұжым жұмысына, жаңа идеялардың тууына серпін береді. Біздің проблемамызбен қанығып, қазақ индустриасының дамуы жайында айтқан ой-пікіріңіз біз үшін маңызды»,-деді «Сақ» киностудиясының директоры, режиссер Нуриддин Паттеев.

Бейресми кездесу соңында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Шымкент Плаза» ойын-сауық сауда орталығының кинозалында облыс әкімдігінің тапсырысымен түсірілген «Ерлік» толықметражды көркемсуретті фильмінің тұсаукесері өтті. Сценарий авторы Батырхан Дәуренбеков, режиссері Нуриддин Паттеев болып табылатын фильм жастардың бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ұялату мақсатында түсірілген.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: