Лента новостей
0

Алматыда ісіне салғырт қараған дәрігерлерге үкім шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2017 20:17 Zakon.kz
Соңына дейін күрескен Фархад Агишев бүгін дегеніне жетті.
Алматыда жол апатынан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге үкім оқылды. Қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының үш қызметкері бес жыл бұрынғы әрекеттері үшін енді жауап беріп жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Ал жол апаты 2012 жылдың қыркүйегінде болған. Оқыс оқиғадан жүргізуші қаза тауып, 22 жастағы Диляра Агишева есімді бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Алайда қансыраған науқасты ақ халаттылар ажалдан арашалап қала алмапты. Содан бері әкесі қызының өліміне кінәлі дәрігерлерді жауапқа тартқыза алмай жүр еді. Өйткені, қозғалған істердің барлығы жабылған.

Алайда соңына дейін күрескен Фархад Агишев бүгін дегеніне жетті. Сот үш бірдей дәрігер Жангелді Сүлейменов, Марс Байниязов және Бақтияр Бектұрсынов кінәлі деп таныды. Тек одан бері бес жыл өтіп кеткенін ескерген судья үшеуін де қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Есесіне өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер енді жәбірленуші тарапқа қомақты өтемақы төлеуі тиіс.

Марал Жарылғасова, судья:

-Жәбірленуші тараптың өтемақы төлеу туралы азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушылардан Агишевтің пайдасына 2 миллион 269 мың теңге өндірілсін.

Фото: Anatili.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: