Лента новостей
0

Таразда «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 кітап жарық көрді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.03.2017 23:01 Zakon.kz
Жарық көрген кітаптар қатарында «Қазақ хандығы» энциклопедиясы мен монографиясы, «Түркістан жинағының» 4 томы, «Тұрар Рысқұлов өмірі мен қызметінің күндерегі» сынды ғылыми еңбектер бар.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 ғылыми еңбек жарық көрді, деп хабарлайды ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметі.

Кітаптар оқу орны жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығында дайындалған.

Ғылыми әлеуетті арттыру – еліміздегі жоғары оқу орындарының басты мүдделерінің бірі екендігі белгілі. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да сүбелі үлес қосуда.

Ашылғанына 3 жылға жуық уақыт болған ғылыми-зерттеу орталығында Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру және мұрағат материалдарының негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау қолға алынды.

– Зерттеу жұмыстары жеті бағытты қамтиды. Бірінші бағытта көне және орта ғасырлардағы Тараз өңірінің тарихы қарастырылса, екінші бағытта «Әулиеата уезінің тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын жарыққа шығару көзделген. Үшінші бағытта «Жамбыл облысының тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын шығаруға басымдық берілсе, «Түркістан өлкесінің тарихы» сериясы бойынша монографиялық еңбектерді жазу төртінші бағыт негізінде жүргізілуде. Бесінші бағытта «Түркістан тұлғалары» атты серия бойынша тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі зерделенуде. «Түркістан жинағы» сериясымен көптомдық ғылыми мақалалар жинағын жарыққа шығару алтыншы бағыт бойынша, «Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» сериясы бойынша монографиялық еңбектерді шығару жетінші бағыт бойынша іске асырылуда, – дейді орталық директоры Ордалы Қоңыратбаев.

Жарық көрген кітаптар қатарында «Қазақ хандығы» энциклопедиясы мен монографиясы, «Түркістан жинағының» 4 томы, «Тұрар Рысқұлов өмірі мен қызметінің күндерегі», «Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)» және тағы басқа ғылыми еңбектер бар.

– «Түркістан жинағы» – Түркістан өлкесінің көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс салтына және өзге де көптеген мәселелерге арналған мақалалар жарияланатын ғылыми жинақ. Осындай атпен 1916 жылғы революцияға дейін Ташкентте барлығы 591 томдық мақалалар жинағы жарық көріп, кеңестік дәуірде тоқтап қалған болатын. Бұл еңбектің маңызы әлі күнге жойыла қойған жоқ. Есесіне жыл өткен сайын дерек көзі ретінде бағасы артып келеді. Осыған орай, «Түркістан жинағын» қайта шығаруды қолға ала отырып, бұрынғы ғылыми дәстүрді қайта жаңғыртқымыз келді. Бүгінде аталған еңбекте тек қазақ тарихшыларының ғана емес, сондай-ақ шетелдік тарихшылардың ғылыми мақалалары да тұрақты жарық көруде, – дейді орталық қызметкерлері.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: