Алматыда қоршаулар жаппай сүрілуде
Zakon.kz
Мемлекеттік органдар мен саябақтарда да қоршаулар алынып тасталады.
«Қоршаусыз қала». Енді даңғарадай дуалдар мен сұрықсыз қоршаулар кезең-кезеңімен сүрілетін болады. Алматыда бастау алған жоба Әуезов, Жетісу және Алмалы аудандарында да жалғасын тапты. Шаһар кейпіне көрік қосатыны өз алдына, қала мәдениетіне жаңаша серпіліс әкелер, халықты жаһандық үрдіске жетелер бастама боларына сенім мол, деп жазады Алматы телеарнасы.
Әуезов ауданына қарасты Абай даңғылы мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан бірнеше мекеменің қоршаулары сүрілді. Аудан бойынша бірнеше күннің ішінде 91 нысандағы дуалдарды алынған. Жеке меншік мекемелерінде орнатылған темір қоршаулардың көбі заңсыз орнатылған екен.
«Алматы қаласы, Әуезов ауданы бойынша қазіргі таңда мына магистральды көшелерде қоршауларды алып жатырмыз. Халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін. Содан кейін көріктендіру іс-шаралары бойынша осындай жүргізіліп жатыр. Қазіргі мына мекемелердің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өз еркілерімен алуға келісім беріп жатыр»,- деді Алматы қаласы Әуезов ауданы Көріктендіру бөлімінің бас маманы, Дәурен Халықов.
Экологиялық бағдарлама қолға алынбастан бұрын, кәсіпорын мамандарына кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілген екен. Бастамаға алматылық кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, айналаның көріктенуіне үлес қосуға ниет танытты.
«Біз өз тарапымыздан біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосып жатырмыз. Әрине керек деп ойлаймын қаламыздың көркейгені бәрімізге жақсы болады деп ойлаймын»,- деді Жеке меншік мекеменің менеджері, Ұлбосын Ахметова.
Ал, Жетісу ауданында қазірдің өзінде аудандағы 10-ға жуық мекеменің қоршауы сүріліпті. Жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, мектеп аумағындағы спорттық алаңдардың да қоршаулары алынатын көрінеді. Ашық спорттық нысандар оқушылардан бөлек, қаланың кез келген тұрғынының игілігіне жарамақ.
«Барлық, тек қана мемлекеттік органдар ғана емес, басқа да бизнестің ғимараттарында халыққа сол ғимараттарға жаңағы «свободный доступ» дейміз ғой барлық қорғандар мен қоршауларды, дуалдарды алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол бойынша график бар. Бұл жұмыстың бағыты қандай: халық барлық жерде беймарал жүріп, эстетикалық жағы да болуы керек қаланың»,- деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Санжар Тоғаев.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен саябақтарда да қоршаулар алынып тасталады. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету мекемелерінің темір қақпаларын да сүру жоспарда бар.
Назкен Байтілес, Валерий Таубалдиев, Влад Шишко
Фото: ktc.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript