Лента новостей
0

Алматыда 82 жастағы қария туған ұлымен үйге таласып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.03.2017 21:41 Zakon.kz
Михаил Александрұлы өзінің баласына өкпелеп жүр. Айтуынша, баласы түрлі қастандық ұйымдастырып, күн көрсетпейді екен.
Қазақстанда 82 жастағы қария Михаил Александрұлы өзінің туған ұлы Игорьмен бір үйге таласып жатыр. Айтуынша, нашақор ұлы оған күн көрсетпейді екен. Тіпті, қыстың қақаған аязында от жаққызбай қорлаған. Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Михаил Александрұлы өзінің баласына өкпелеп жүр. Айтуынша, баласы түрлі қастандық ұйымдастырып, күн көрсетпейді екен. Зейнеткер қазір 82 жаста. Бұрында жүргізуші болған. Бүгінде әйелі мен екі ұлы бар. Алайда қазір оның жағдайы түбегейлі өзгерген. Бұған баласының анаша тұтынуы себеп болып отыр.

«Мен бар болғаны коммуналдық төлемді бөліп төлегім келеді. Ұлдың аты ұл ғой. Оның әскерден келгенін асыға күттім. Бір кездері Игорьді үш рет анаша тұтынғаны үшін жындыханаға қамаған болатын. Шынымды айтсам, қазір бұл жаман әдетінен арылған-арылмағанын нақты білмеймін. Бірақ бұрын анашаны өзіне инемен салатын. Мен ұлыммен табысқым келмейді. Өйткені ол маған от жағуға да мүмкіндік бермейді», – дейді Михаил Александрович.

Әкесі мен баласы тұрып жатқан үйге аталған арнаның журналисі әрең кірді. Оның жолын қарияның ұлы Игорь бөгеді. Айтуынша, үйіндегі қоқыстарды бүкіл Қазақстанның көргенін қаламайды. Мұнымен қатар, ол әкесінің жаман адам екенін сөз етті.

«Біздің арамызда көптен бері пәтерге байланысты жанжал болып жатыр. Мен бір бөлмеде тұрамын. Маған басқа ешнәрсе керек емес. Айналада шашылып жатқан жай ғана қағаздар. Маған үйдің осы бөлігі бұйырғандықтан, айнадай жерде тұруыма тура келіп тұр. Әкем отынның барлығын сатып жіберген. Бірақ кімге сатқанын білмеймін. Мен әкеммен табысқым келмейді. Ақылға сыймайтын дүниені айтып тұрсыз. Маған тәртіп сақшыларының не деп айтатынын білесіз бе?

Олар «Мына адамды қалай ғана әке деп айтуға аузың барады. 30 жыл қызметте жүріп дәл мұндай оңбаған адамды көрген емеспін» деген болатын. Ал облыстық психиатр оның менің туған әкем екеніне күмән келтірді. Мені ақпанда, екінші рет тамызда, үшінші рет желтоқсанда жындыханаға жатқызды. Кейін ол мені үйден шығарту үшін сотқа арызданған екен. Бірақ сот оның арызын қанағаттандырмады», – дейді Игорь Михаилұлы.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: