Лента новостей
0

Көлік сақшылары ШҚО тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2017 21:00 Zakon.kz
Жалпы салмағы 2 келіге жуық «гашиш» және 10 келіден аса «марихуана» есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Көліктегі ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде «Жан» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Шығыс-Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Тексеру барысында одан жалпы салмағы 2 келіге жуық «гашиш» және 10 келіден аса «марихуана» есірткі заттары тәркіленіп алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: