Лента новостей
0

Қызылордада ірі көлемде газ ұрлығы анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 20:45 Zakon.kz
Заңды түрде салынған айыппұлдарға қарамастан кешен иесі бәрін жоққа шығарып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлеріне қоқан-лоқы да жасаған еді.
Қызылорданың коммуналдық-тұрмыстық нысандарын тексеру барысында сауда үйлердің бірінде қабырғаның ішіне жасырып тартылған газ құбыры анықталды. Осылайша, «Өтемұратов С.» жеке кәсіпкерлігі табиғи отынды ұрлап келген, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері екі «Премиум-50» газ қазандығының газ жүйесіне заңсыз қосылғанын, соның салдарынан 100 мың текше метр көгілдір отынның заңсыз жағылып, 2 миллион теңге көлемінде шығын келгенін анықтады. Олар ішкі істер департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, іске байланысты хаттамалар толтырып, фото және бейне жазбалар түсірді.

Енді олар Қазақстан Респуликасы заңнамасына сай жауап беріп, айыппұлдар төлейтін болады. Айта кетейік, дәл осындай жағдай Қызылордада бірнеше ай бұрын анықталып, үлкен шу туғызған болатын. Ол кезде қаланың ортасында орналасқан «Караван сарай» қонақ үйлер кешенінің иесі газ есептегіштегі пломбаны бұзып көрсеткішті төмендеткен.

Заңды түрде салынған айыппұлдарға қарамастан кешен иесі бәрін жоққа шығарып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлеріне қоқан-лоқы да жасаған еді. Өткен жылы Қызылорда қаласында газ пайдаланудағы заң бұзушылыққа жол берген оқиғалардың 86 фактісі анықталды.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: