Лента новостей
0

Павлодар облысында бірнеше ауыл еріген қар суының астында қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.03.2017 20:19 Zakon.kz
Басқарма басшысы атап өткендей, еріген қар суының жиналуына қыс бойы қарды күремеген тұрғындардың өздері кінәлі.
Павлодарское ауылы мен Ленин кентіндегі көшелерді еріген қар суы басып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ленин кентінің тұрғындары мұндай қиыншылыққа бірінші жыл тап болып отырған жоқ.

-Не істейміз? Енді резеңке етіктерді сатып алып, судың үстімен жүру ғана қалды,- деп жазды uzakovamaria1 атты желі қолданушысы.

Павлодар қалалық ТЖ басқармасының бастығы Ренат Валишановтың айтуынша, техникалар тәулік бойы жұмыс істеп, мамандар бұл жағдайды үнемі назарда ұстауда.

-Тұрғындар шу көтеріп жатыр. Мен кеше өзім Кенжекөл, Ленин кенті, Павлодарское ауылы мен Мойылдыда болдым. Қауіпті ештеңе жоқ. Бұл - қардың қалыпты еруі. Әрине, азды-көпті жаңбырдың да себебі бар. Су басқан үйлер мен аулалар жоқ. Тек су жиналып қалған аймақтар бар. Қажет болғанда арнайы техникамен сорып шығарамыз, - деді Ренат Валишанов.

Басқарма басшысы атап өткендей, еріген қар суының жиналуына қыс бойы қарды күремеген тұрғындардың өздері кінәлі.

-Әрбір әкімдікте тікелей желі жұмыс жасайды. Ауылдағы азаматтар сол арқылы байланысқа шыға алады. Қазіргі күні су басу қауіпі бар әр ауылда екі арнайы техника мен бір мотопомпа дайын тұр. Қажет болса, қосымша техника іске кіріеді, - деді Ренат Валишанов. Думан Асқарбек

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: