Ақмола облысында ерлі-зайыптылар жолда қалып көлік ішінде көз жұмды
Zakon.kz
Бастапқы қорытынды бойынша, ерлі-зайыптылар үсіктен қайтыс болған.
Ақмола облысында ерлі-зайыптылар автожолда үсіп өлген, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады stan.kz, ішкі істер департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жұма күні 31 наурызда Атбасар АІІБ-на кезекші өрт сөндіру бөлімінен хабарлама келіп түскен. Пригородное аулына жақын маңдағы автожолда көлік табылды. Оның ішінде ер адам мен әйел адамның жансыз денелері жатқан. Кейінірек анықталғандай, көліктің ішінде 1966 жылы туған ер адам мен оның 1968 жылы туған әйелі болыпты.
Бастапқы қорытынды бойынша, ерлі-зайыптылар үсіктен қайтыс болған. Полиция атап өткендей, табылған мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript